Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Мамлют ауданына Германиядан мал жеткізілді

Мамлют ауданына Германиядан мал жеткізілді

Жақында Мамлют ауданына сонау Германиядан симментал тұқымды 150 бас ірі қара жеткізілді. Бүгінде «Кызыласкерское» ЖШС «Солтүстік» ӘКК қолдауымен тауарлы-сүт фермасының құрылысын жүргізуде. Жоба 750 млн теңгеге қаржыландырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан – елімізге үлгілі өңір. Бүгінде аққайыңдар өлкесінің агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыру тәжірибесін күллі Қазақстан қолдануда. Мұндай механизм жаңа жобаларды жүзеге асыруға үлкен септігін тигізеді, деп атап өтті «Кызыласкерское» ЖШС директоры. Жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгеден асады. Халық банкі арқылы да 400 миллион теңге көлемінде несие алыныпты.

«Ірі қара мал Қызыләскер ауылындағы карантиндік учаскеге орналастырылды. Мал бір ай осында болады. Құжаттарды дайындаймыз. Бұл – ірі қараның алғашқы партиясы. Барлығы 400 бас болады», – дейді «Кызыласкерское» ЖШС директоры Валерий Кейсарчук.

Shares