Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Мамлют ауданындағы кәсіпорында бірегей жоба қолға алынды

Мамлют ауданындағы кәсіпорында бірегей жоба қолға алынды

“Мамбетов және компания” КС шаруашылығының базасында “ІҚМ қиын сепарациялау” атты жаңа инновациялық жоба қолға алынды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оны іске асыру үшін жалпы құны 151 млн теңге болатын “EYS” маркалы түрік жабдығы арнайы сатып алынған.

Жобада қиды өңдеудің негізгі циклі – бір мезгілде зарарсыздандыру арқылы зәрден қалың массаны бөлу қарастырылған. Құрғақ фракция төсек-орын және тыңайтқыш ретінде пайдаға жаратылады. Берері мол.

Өңделген қидың соңғы өнімдері кәсіпорынның өз қажеттіліктері үшін қолданылатын болады. Бұл технология Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет қолданылуда.

Shares