Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Облыс әкімі аудандарды аралауды бастады

Облыс әкімі аудандарды аралауды бастады

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс аудандарын аралауды бастады. Қызылжар ауданында «Қызылжар сүт» сүт фермасында болды. Өңірде заманауи сүт кешендерінің құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін 6 жаңа сүт кешені іске қосылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Облыс әкімі Аққайың ауданында «Элеватор Смирновский» ЖШС-де астық қабылдау барысымен танысты. Биыл егін жинау науқаны күрделі жағдайда өтуде. Астықты қабылдау және кептіру аса  маңызды жұмыс. Сондықтан астық қабылдайтын кәсіпорындар үйлесімді жұмыс істеулері тиіс. Мемлекет қажетті көмекті көрсетуде. Қосымша 19,7 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінеді. Аймақ басшысы «Полтавское» серіктестігінің егіс алқаптарында астық жинау және жем-шөп дайындау барысын тексерді.  Шаруалармен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады.

“Бүгінде облыста дәнді дақылдардың 80 пайызы жиналды. Диқандар күзгі орақты аяқтау үшін қолайлы күндерді мейлінше тиімді пайдалануы қажет”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares