Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО аудандарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

СҚО аудандарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласында Еңбек күніне және қарттарды әлеуметтік қолдау айлығына арналған азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауыл тұрғындары сүт және ет өнімдерін, көкөністерді арзандатылған бағамен сатып алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде «Табиғаттың сыйы» атты көрме ұйымдастырылды, оған ауданның барлық ауылдарынан зейнеткерлер қатысты. Олар маусымдық көкөністерден жасалған түрлі тұздықтарды, пісірілген өнімдер мен қолдан жасалған өнімдерді ұсынды.

Осындай жәрмеңке Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында да өтті. Онда ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөп, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін азық-түлік сатылды. Олар ет, жұмыртқа, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, бал сатып алды. Жәрмеңкеге келушілер аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің музыкалық шашуын да қабыл алды.

Shares