Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да астық жинау науқаны аяқталып қалды

СҚО-да астық жинау науқаны аяқталып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 3,2 млн га алқапта өскен дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. 5,8 млн тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 18,1 центнерді құрады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

СҚО-да бірқатар шаруашылықтарда астық жинау науқаны аяқталды. Бейінді ведомствоның мәліметінше, көпшілігі жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бойынша кейбір агроқұрылымдар гектарынан орташа есеппен 30-50 центнерден өнім алды.

“Бүгінде майлы дақылдарды жинау жұмысы белсенді түрде жүргізілуде, бұл жұмыстар дәстүрлі түрде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинаудан кейін аяқталады. Қазірдің өзінде 304,2 мың гектардағы немесе 45,1% майлы дақылдар жиналды. Өнімділік – 11,5 центнер. 348,9 мың тонна өнім бастырылды. Астық қабылдау кәсіпорындарының ағымдағы жүктемесі 51% -ды құрайды”, – деп хабарлады СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі.

Shares