СҚО-да диқанға субсидия беру заңсыз тоқтатылған
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары диқан жолданымы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасында 2 млрд теңгеден астам сомаға субсидия төлеуді тоқтата тұруды анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Мемлекеттік органдардың төлемдерді тоқтата тұру туралы негіз болған шешімдері прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды.
“Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, кәсіпкердің құқығы сомасы 948 млн теңге субсидия төлеу жолы арқылы қалпына келтірілді. Қалған соманы төлеу бойынша жұмыс жалғасуда”, – деп хабарлады облыстық прокуратура.