СҚО-да элеваторларды егін қабылдауға дайындау белсенді жүргізілуде
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта астық қабылдау кешендерінің ағымдағы дайындығы орта есеппен 80-85% құрайды. 10-15 тамызда – егін жинау қарсаныңда барлық элеваторлар дайын болады. Бейінді басқармада элеваторларды жаңа өнімді қабылдауға дайындау уақтылы жүргізіліп жатқаны айтылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Облыс бойынша астық қабылдау кәсіпорындарының саны – 46, ал олардың сыйымдылығы 3,2 млн тоннаны құрайды.
Ауыл шаруашылығы құрылымын қоса алғанда, облыс бойынша сыйымдылықтың жалпы қуаты 6,9 млн тоннаны құрайды. Облыс бойынша астық кептіргіштердің саны – 332 бірлік, өнімділігі сағатына – 10,6 мың тонна. 1 астық кептіргіштің орташа өнімділігі – сағатына 32 тонна.
Қазіргі уақытта облыстың астық қабылдау кәсіпорындары жаңа егінді қабылдауға дайындық жұмыстарын жүргізуде, онда жаңа егінді қабылдауға материалдық-техникалық базаны дайындау бойынша жыл сайынғы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, оған мынадай жұмыстар кіреді: технологиялық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, автомобиль және темір жол таразыларын, зертханалық жабдықтарды тексеру, қойма және элеватор сыйымдылықтарын дайындау, оларды тазарту және сарай зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу.