Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да кейбір шаруашылықтарда бидай шығымдылығы бір гектарда 40 центнерден асты

СҚО-да кейбір шаруашылықтарда бидай шығымдылығы бір гектарда 40 центнерден асты

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 3 қазанда облыс аграрилері 2908,3 мың га немесе 87,7% алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап алды. Гектарына 17,6 центнерден 5118,7 мың тонна астық бастырылды. Майлы дақылдар 193,2 мың га немесе 28,7% алқапта жиналды, бастырылған өнім – 228,4 мың тонна, өнімділік – 11,8 центнер, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“СҚО-да егін жинау науқаны мерзімінен сәл кеш жүріп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, өңірде ұзақ уақыт бойы жаңбыр жауды, бірақ қазір ауа райы жақсы, аграрийлер қарқынын арттырып, жинау жұмысын мүмкіндігінше тезірек аяқтау үшін әр шуақты күнді пайдаланады. Биылғы егінге келетін болсақ, бидай өнімділігі гектарына 40 центнерден асатын шаруашылықтар бар. Мысалы, Жамбыл ауданындағы “Ақ-Жер 2010″ ЖШС бидайдың орташа түсімі гектарына 42,5 центнерді құрайды”, – делінген СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares