Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да шөптің шығымы мал азығын артығымен дайындауға мүмкіндік береді

СҚО-да шөптің шығымы мал азығын артығымен дайындауға мүмкіндік береді

Солтүстік Қазақстан облысында жемшөп дайындау белсенді жүргізілуде. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өкілдері жариялады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“1 233, 1 мың тоннадан астам шөп дайындалды, бұл – жоспардың 131,2%. Пішендеме 414,5 мың тонна немесе жоспар 176,7% әзірленді. 758,1 мың тонна немесе 87,4% сабан бар, сүрлем – 459,7 мың тонна.
Немесе жоспардың 165,3%”, – делінген СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, СҚО-да шөптің бір жарым жылдық қоры қалыптастырылуда. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың ауа райы жағдайлары шабындықтардың өнімділігіне оң әсерін тигізді, бұл шөпті артығымен дайындауға мүмкіндік береді. СҚО-да бір тонна шөптің орташа бағасы 12-14 мың теңгені құрайды.

Shares