Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да суармалы жердің көлемі 2 есеге жуық ұлғайған

СҚО-да суармалы жердің көлемі 2 есеге жуық ұлғайған

«Солтүстік» ӘКК» АҚ су үнемдейтін технологияларды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарын суару жөніндегі үш жобаны қаржыландырды. Бөлінген қаржы 2 млрд теңгеден асып жығылады. Тың жобаларды жүзеге асырудың арқасында облыстағы суармалы жер көлемі мың гектарға артты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Asyl Farms» ЖШС 500 млн теңге займ алған. Оған дөңгелек типті американдық Мas agro тl маркасындағы 4 машина сатып алынған және орнатылған. Суармалы жер көлемі – 356 га. Оның ішінде мал азығы – 186 га, картоп – 20 га, жүгері – 150 га.

«Астық Приволный» ЖШС 140 гектар алқапты суарады. Басымдық жүгері мен жоңышқаға берілген. Компанияның инфрақұрылымдық жобасы «Солтүстік» ӘКК» арқылы қаржыландырылды. Мал азықтық дақылдарды суару алаңы 300 гектарға дейін ұлғайды.

Үшінші жоба – «ES Global Agro» ЖШС. Кәсіпорын алқаптарды суару жүйесінің инфрақұрылымын аяқтады, электроавтоматты станцияны, Zimatic айналмалы машиналарын сатып алды. Суармалы жер көлемі – 300 га. Оның ішінде 255 га – мал азығы, 45 га – картоп.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, облыс бойынша биылғы жылы жалпы суармалы жер көлемі 4713,5 гектарды құраса, оның ішінде тамшылатып суару – 522,5, жаңбырлатып суару – 4191 гектар. Өткен жылы суармалы алқап 2727,6 гектарды құрады.

Shares