Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Тимирязев ауданының диқандары 392 мың тонна астық жинады

Тимирязев ауданының диқандары 392 мың тонна астық жинады

Жыл басынан бері Тимирязев ауданы бойынша 149 бірлік техника, оның ішінде жалпысомасы 5,1 млрд теңгеге 16 астық жинайтын комбайн, 17 трактор және 116 көмекшітехника сатып алынды. Бұл туралы аудан басшысы Ерлан Жаров брифингте айтты, депхабарлайды QZ News тілшісі.

«Биылғы жылы ауданда егістік көлемі 271 мың гектарды құрады. Ауа-райы мен климаттық жағдайлардың қиындығына қарамастан диқандарымыз 392 мың тонна дәндіжәне бұршақ дақылдарын жинап үлгерді. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігімен – 18 ц/га, майлы дақылдар – 11 ц/га. 10 айда жалпы өнім көлемі 46,3 млрд теңгені құрады, бұл2023 жылмен салыстырғанда 9,3 млрд теңгеге артық», – деді Ерлан Жаров өңірліккоммуникациялар қызметінің алаңында.

Тимирязев ауданында көктемгі дала жұмыстарына қаржыны уақтылы алуға мүмкіндікберетін «Мерей» несие серіктестігі жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдың 10 айында 50 шаруа қожалығы 1,3 млрд теңгенің қаржылық қолдауын көрді.

Тимирязев ауданында егін шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығы саласын дамытуғада көп көңіл бөлінуде. Мәселен, «Атамекен-Агро-Тимирязево» ЖШС мен «Мичуринский» ЖШС-нің 520 бас ангус тұқымды ірі қара малына арналған екі асыл тұқымдырепродукторы бар.

«Тірі салмақта 2 мың тоннадан астам ет, 5,8 мың тонна сүт өндіріліп, өткен жылменсалыстырғанда 105,3 пайызды құрады. Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған бастыміндеттердің бірі – өнімдерімізді өткізу нарығын кеңейту», – деді Ерлан Жаров брифингте.

 

Shares