Тізімде СҚО бар: Қазақстанның 7 облысында шегірткеге қарсы жерді өңдеу аяқталды
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штабтың отырысында бір аптадағы жағдай қаралды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 17 шілдеде барлық қорғаныс шаралары қайта басталады. Өңiрлерге 350 мың га алаңды өңдеу үшін пестицидтердің қосымша көлемі жеткізілді.
Қазақстан бойынша мониторингтік тексерулер барлығы 15,1 млн га аумақты қамтыды, химиялық өңдеулер 2,4 млн га аумақта жүргізілді.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Түркістан облыстарында шегірткенің үйіріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толығымен аяқталды.