Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Жамбыл ауданында 240 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші көктемгі дала жұмыстарына қатысады

Жамбыл ауданында 240 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші көктемгі дала жұмыстарына қатысады

Жамбыл ауданында көктемгі егіс жұмыстарына 240 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысып жатыр. Егіс штаттық режимде өтуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Шатило и К” ЖШС-де биыл 37 мың гектар жерге тұқым егіледі. Бүгінде 22 мың гектарға жуық жер қамтылған. Серіктестік арнайы техниканы толығымен жаңартты. Қазір кәсіпорынның балансында 7 егіс кешені бар.

“5 мың га бұршақ егілді, жасымық – 4800 га, зығыр – 3800 га. Кешеден бастап бидай егуге шықты. Екі ауысыммен 14 механизатор жұмыс істейді. Маңызды науқанға тыңғылықты дайындалдық. Барлығы ескерілді. Жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Осы қарқыннан таймасақ, істі уақытта аяқтаймыз”, – деді Жамбыл ауданындағы “Шатило и К” ЖШС директоры Олег Адам.

Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі хабарлағандай, биыл астық өсірілетін жердің көлемі 324 мың га құрайды.

“Майлы дақылдар – 66,4 мың га, картоп – 1 мың га, қарақұмық – 2 мың га. Барлық агротехникалық іс-шаралар жоспарға сәйкес келе жатыр. Жұмыс 2 ауысымды түрде ұйымдастырылды. Ауа-райы мүмкіндік береді. 15 мың тоннадан астам тыңайтқыш әкелінді”, – деді Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы Рүстем Дүйсембеков.

Shares