Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Аққайың ауданындағы «Башлам-Терек» ЖШС өңірдің агро саласын дамытып, ауыл тұрғындарына көмек көрсетіп келеді

Аққайың ауданындағы «Башлам-Терек» ЖШС өңірдің агро саласын дамытып, ауыл тұрғындарына көмек көрсетіп келеді

2004 жылы Аққайың ауданы, Власовка ауылында «Башлам-Терек» ЖШС ашылды. Оның жетекшісі – Александр Антоненко. Агро құрылымның басшысы QZ News тілшісіне астық жинау науқанындағы жұмыстар мен ауыл тұрғындарына көмек көрсету туралы айтып берді.

«Біз жақсы өнім жинадық. Дәнді дақылдардан гектарына 26 центнерден, майлы дақылдардан тоғыз центнерден өнім алдық. Шаруашылықта тоғыз адам жұмыс істеді. Соңғы екі жылда жабдық толығымен жаңартылды. Келесі жылы майлы дақылдар алқабын ұлғайтып, дәнді дақылдарды азырақ егуді жоспарлап отырмын. Рапсқа, зығырға, жасымық пен бұршаққа баса назар аударылады. Бидай өсіру тиімсіз болып кетті», – дейді Аққайың ауданы, Власовка ауылы «Башлам-Терек» ЖШС басшысы Александр Антоненко.

ЖШС ұжымы толық жасақталған. Кәсіпорында маман тапшылығы жоқ.

«Мамандардың барлығы тәжірибелі, олар он жылдан бері жұмыс істейді, сондықтан бізде кадр тапшылығы жоқ. Барлық қызметкерлер еңбекақыларын қатаң түрде белгіленген мерзімде алады, бізде кешігулер жоқ және оларға жол бермейміз», – деп бөлісті Александр Антоненко.

«Башлам-Терек» ЖШС де ауыл тұрғындарына көмек қолын созуда. Қыста серіктестік жұмысшылары Власовка мен көршілес ауылдарды қардан тазартады. Ауыл шаруашылығы құрылымдары жергілікті мектепке демеушілік көрсетеді.

«Біз мектеппен көптен бері жұмыс істеп келеміз. Енді жаңа жылдық іс-шаралар болады, оған да қолдау көрсетеміз. Ауыл тұрғындарының барлық мәселелерін назардан тыс қалдырмаймыз. Келесі жылы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз, әкімдік жолдарды жөндейді», – дейді Аққайың ауданы, Власовка ауылы «Башлам-Терек» ЖШС басшысы Александр Антоненко.

Shares