Кітапханашы – баға жетпес мамандық
Кітапханашы- мәртебелі мамандық. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік,өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттыңтиімдісін демдеп беріп отырған кітапханашылардың орны өзінше бір бөлек. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханасының оқу залдары бөлімінің меңгерушісі Наталья Чуряк QZ news тілшісіне өз мамандығының қыр-сырымен бөлісті.
Наталья Чуряк С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада 15 жылға жуық еңбек етіп келеді. Ол түрлі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, оқырмандарға жергілікті жазушылардың еңбектерін таныстыра отыра, олардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятуда. Натальяның анасы Раиса Михайлова 40 жыл ғұмырын осы салаға арнаған. Өмірін кітаппен өрнектеген ананың рухани байлығын зердесіне түйіп өскен кейіпкеріміз бүгінде ана жолын қуып келеді.
«Қазіргі көптеген жас балалар кітапхананың не екенін білмейді. Мен бала кезімде басқа балалар сияқты анамның жұмыс орнына барғанды жақсы көретінмін. Маған кітапханадағы адамдарға толы жайлы оқу залдары, қабырғаларда ілінген көрнекті адамдардың портреттері, қызыл-жасыл көздің жауын алатын оқу залдары ертегідей көрінетін. Бұл балалық шақтағы естеліктер. Жалпы,кітапхананың ішкі өмірінің барлық тылсым сырлары маған бала күнімнен таныс еді. Кітапхана анам үшін ғана емес, мен үшін де екінші үйімдей болды».
Наталья кітапханашы боламын деп ойламаған да екен. Оның есіл дерті музыка болған. Мектеп тәмәмдаған соң ол педагогикалық-музыка факультетіне оқуға түседі.
«Мен №32 мектепке жас музыка пәнінің мұғалімі ретінде үлкен біліммен, бар ынта-жігерімді балаларға арнаймын деп келдім. Бірақ уақыт қиын болды, сондықтан «музыка» пәні мектеп бағдарламасы үшін соншалықты маңызды емес болып шықты. Мен үздікмузыка мұғалімі атанған жоқпын, бірақ шәкірттерімнің құрметіне бөлендім. Осы қиынкезеңде анам оқу залында әріптестеріне көмектесуді ұсынды. Ол кезде оқырмандар легі көпболды, бірақ олардың ұжымында мамандар жеткіліксіз болатын. Осылайша мен оқузалының ресми қызметкері болдым, С.Мұқанов атындағы кітапханадағы жұмысым осылайбасталды.», – деп бөлісті Наталья.
Наталья кітапханашының жұмысын іс жүзінде меңгере бастады. Бастапқы кезде материалдарды іздеп, таба алмағанда оқырмандарға басқа нұсқаулықтар мен құжаттарды ұсынуға тура келген кездер болғанын да айтады.
«Кешке аяқтарым шаршап ауыратын, бірақ жұмыстан рахат алып шаршағанның орны бөлек. Өйткені сіз адамдарға жаңа білім алуға, оларды кітаппен таныстыруға көмектесесіз. Маған бәрі ұнайды: ұжым, менің сүйікті оқырмандарым, қызмет көрсету процесі. Маған әсіресе суретшілермен, музыканттармен, актерлармен және театр басшыларымен, хореографтармен және басқа да өнер шеберлерімен кездесулер ұнайды. Бүгінде оқу залдары бөлімінің меңгерушісімін. Біздің ұжым 6 адамнан тұрады, әр қызметкер кәсіби маман. Бұл жерде маған анамның ақыл-кеңесі өз септігін тигізді десем болады», – дейді кітапхана қызметкері
Қазіргі таңда кітапханашы мамандығы қалыптасқан стереотиптерге сәйкес келмейді.
«Біз өте маңызды жұмыс істеп жатырмыз. Біз ауқымды қоғамдық іс-шараларды, диалог алаңдарын, халықаралық конференциялар мен телекөпірлерді ұйымдастырамыз. Біз Петропавл тұрғындарын жергілікті авторлармен және олардың кітаптарымен таныстырамыз. Іс-шараны өткізу соншалықты қарапайым жұмыс емес: біріншіден, кездесудің сценарийін жазып, жоспарлау керек, ұсынылған ақпаратты толық түсіну керек, екіншіден, үлкен аудиториядан қорқуды жеңу, алаңдаушылықты жеңу керек. Мен мұны аға буын әріптестерімнен үйрендім», – деп бөлісті Наталья Чуряк.
Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның ең көп кітап оқитын өңірлерінің бірі. Қазіргі кітапханашының міндеті – кітапқа деген қызығушылықты арттырып, адамдарды кітап оқуға баулу. Ал жастарды тарту – басты міндет.
«Біз үшін ең бастысы – өскелең ұрпақты өткізіп жатқан іс-шараларға тартып, облыстықкітапхананың заманауи залдарымен таныстыру. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтыңкітапхана бүгінде тек ақпаратты сақтайтын орталық емес екенін атап өткені біздіқуантады. Бұл бірегей құжаттар мен сирек кітаптардың қоймасы. Бұл жастар үшін жаңамүмкіндіктер. Бұл адамдардың сауаттылығы мен мәдени бай болуының баспалдағы», – дейді спикеріміз.
2019 жылы Натальяның еңбегі еленіп «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапат қоржынында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының және т.б алғыс хаттар мен грамоталар бар.
«Мен анам сияқты кітапханашы болуды армандамасам да, өз жұмысымды шынымен жақсы көремін және оны мақтан тұтамын. Өйткені, мен «Қазақстандағы ең үздік облыстық кітапханада» жұмыс істеймін. Кітапхана көптеген байқаулардың жеңімпазы, 23 грант иегері. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша ең көп кітап оқитын облыс болып, «Оқырманы озық өлке» атағына ие болдық. Мен қымбатты оқырмандарымыздыжаңа идеялармен және жобалармен қуантуға тырысамын, өйткені жан дүниеңізбен жұмысістегенде сіз ең жоғары марапатқа ие боласыз. Менің анам мен үшін әрқашан үлгі болады- кәсіби кітапханашы, білімді адам, мен одан көп нәрсені үйренудемін», – деп атап өттіНаталья Чуряк.