Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » М.Жұмабаева ауданында кәсіпкер Ботагөз Смағұлова құс етін сатумен айналысып, кәсібінің нәсібін көріп отыр

М.Жұмабаева ауданында кәсіпкер Ботагөз Смағұлова құс етін сатумен айналысып, кәсібінің нәсібін көріп отыр

Ботагөз Смағұлова жолдасы екеуі Булаево қаласында бесінші жыл құс өсірумен айналысады. Ол кәсіпкерліктің қыр-сырын ата-анасынан үйренген. Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын солтүстікқазақстандық «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдалануға шешім қабылдады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының арқасында мал шаруашылығын дамытып, бизнес идеяларын жүзеге асыруда. Ол аудан тұрғындарының тұрмысын жақсартып, табысын арттыруға бағытталған.

Бұл бағдарлама аясында Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары да өз кәсіптерін сәтті ашуда. Бұған мысал – Ботагөз Смағұлова.

«Күйеуім екеуміз жеке кәсібімізді дамытқымыз келді, бірақ оған ақша болмады. Ғаламтордан «Ауыл аманаты» бағдарламасы бар дегенді оқып, әкімдік қызметкерлері бізге хабарласып, сауалдарымызды қойдық. Бағдарламаның кез келген дерлік қызмет түрі үшін жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген несиелендіру қарастырылғанын білдік. Бағдарлама бойынша бізге 5 миллион теңге берді», – дейді кәсіпкер Ботагөз Смағұлова.

Ерлі-зайыптылар қаржыларына инкубаторлар мен жүк көлігін сатып алған. Олар бройлер өсіруге көп көңіл бөлді.

«Біз өз өнімдерімізді ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде сатамыз, жеткізуіміз де бар. Біздің тұтынушыларымыз бар. Зейнеткерлер бізден жақсы сатып алады. Жаңа жылға дейін тапсырыс көп, өнім кешіктірілмейді, тез сатамыз», – дейді Ботагөз Смағұлова.


Келесі жылы Ботагөз Смағұлова күйеуі екеуі құс етін сататын жеке дүкен ашпақ. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Мағжан Жұмабев ауданынан Полудин ауылдық округінің басшысы Мәдиниет Қалиев республикалық «Ауыл аманаты» жоба байқауының «Үздік ауыл әкімі» аталымы бойынша жеңімпаз атанған болатын.

Shares