Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы жастардың үздік тәлімгері анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы жастардың үздік тәлімгері анықталды

Петропавлда «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар «Үздік жас өндіріс қызметкері», «Үздік еңбек әулеті», «Еңбек жастарының үздік тәлімгері» атты үш номинация бойынша сынға түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Еңбек жолы» байқауы Қазақстанда жыл сайын өткізіледі. Биыл оған 39 аймақтық кәсіпорынның өкілдері қатысты. Жобаның мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру және жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау.

Естеріңізге сала кетейік, үздік жас қызметкер «ПАМЖЗ» АҚ қызметкері Әлібек Уатаев атанды.

Ал жұмысшы жастардың үздік тәлімгері Елена Тимощук деп танылды. Қазір ол Ғ.Мүсірепов ауданындағы балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет етеді. Азаматша 36 жылын мәдениет саласына арнапты. Маман аудандық кітапхананың табалдырығын алғаш аттағада осында өмір бойы еңбек ететінін түсінген.

«Байқауға тек өзімнің ғана емес, менің үлкен әрі үйлесім тапқан ұжымымның жеткен жетістіктеріне сүйене отыра қатыстым десем болады. Қарамағымда 20-дан астам адам еңбек етті. Әлі де тер төгіп жатқандары бар. Олардың барлығы – мемлекеттік наградалардың иегерлері. Бұл үлкен көрсеткіш деп ойлаймын. Өте қуаныштымын, алдағы уақытта да жастар мен еліміздің игілігі үшін еңбек ете беремін», – деді Елена Тимощук.

«Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық кезеңде бақ сынайды. Ол 22 қыркүйекте Астанада өтеді.

Shares