Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Драма театрларының 29-шы республикалық фестивалі петропавлдықтарды қойылымдарымен қуантуда

Драма театрларының 29-шы республикалық фестивалі петропавлдықтарды қойылымдарымен қуантуда

Петропавлда XXIX республикалық театр фестивалі өтіп жатыр. Петропавлдықтарды өз қойылымдарымен қуантып, бас жүлдені сарапқа салу үшін облыс орталығында Қазақстанның үздік ұжымдары бас қосты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Фестиваль аясында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының сахнасында «Бернард Албанының үйі» пьесасын қойылды. Онда Бернарда Альба туралы баяндалады. Ол – жесір қалып, сегіз жыл аза кешкен қыңыр, үстем әйел. Қойылым сюжеті бойынша кейіпкердің 5 қызы бар. Оларды үйге қамап, көп жылдар бойы әкесін жоқтап, жоқтау киюге мәжбүрлейді. Қойылым көрерменге түрлі эмоция сыйлайды: махаббат, жек көрушілік, реніш, құмарлық пен қызғаныш. Театр ұжымы бұл қойылымды Қазақстанның бірнеше қаласында қойыпты.

Ал Н.Погодин атындағы орыс драма театрының сахнасында  «Бақ» спектаклі көрсетілді. Шығарма жазушы Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасына негізделген. Спектакль өткеннен бас тартудың күрделі және азапты екенін суреттейді. Бұл әңгіме өмірдің жаңа кезеңіне көшкен кезде қолынан ештеңе келмейтін адамдар туралы. Спектакль трагикомедия жанрында көрсетіліп, көрерменнің көзайымына айналды. А.Чехов шығармасының басты кейіпкері, әсем ескі бақтың иесі – Леонид Андреевич Гаевты мәдениет факультетінің үздігі, актер Бағлан Иманғазинов сомдады.

Республикалық театр фестивалі 15 қазанға дейін жалғасады.

Shares