Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда Әйтеке бидің 380 жылдығына орай әдеби кеш өтті

Петропавлда Әйтеке бидің 380 жылдығына орай әдеби кеш өтті

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке бидің 380 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті. Іс-шараға студенттер шақырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Іс-шараның мақсаты – қазақтардың қоғамдық өміріндегі тарихи тұлғаның маңызды рөлін көрсету. Әйтеке би Тәуке хан тұсындағы ықпалды билердің бірі болды. “Жеті Жарғы” заңдар жинағын жасаушылардың бірі. Мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткіземіз, өйткені қазіргі жастар қазақ халқының қалыптасуына зор үлес қосқан тұлғалар туралы білуі тиіс”, – деді  Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы әдістемелік бөлімінің басшысы Динара Қаратаева.

Әйтеке би – қазақтың үш көрнекті биінің бірі. Ол дала заңдарының негізгі авторларының бірі болды. Кіші жүздің бас ханы болған. Іс-шараға университет және колледж профессорлары шақырылды. Олар студенттерге Әйтеке бидің қазақ мемлекетінің дамуына қосқан зор үлесі туралы айтып берді.

“Оның рөлі зор. Ол 1644 жылы, яғни Жәңгір хан өткізген Орбұлақ шайқасынан тура бір жыл өткен соң дүниеге келген. Тарихи тұлға қазақ халқын біріктіруге мүмкіндік берген көптеген нәрселерді сипаттады. Бұл билер сөздерді, маңызды адамгершілік қасиеттерді қорғауда үлкен рөл атқарды”, – деді профессор, ҚР және РФ әскери ғылымдар академигі Жанбатыр Сартаев

Әйтеке биге арналған көрме жыл соңына дейін тұрады.

 

Shares