Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда “Домбыра-Дастан” атты республикалық байқау өтті

Петропавлда “Домбыра-Дастан” атты республикалық байқау өтті

Петропавлда “Домбыра-Дастан” атты республикалық күй байқауы өтті. Ол байқаудың негізін қалаушы Серікбай Здуалиевті еске алуға арналды. Мектептер мен колледждердің білім алушылары болып табылатын 25 жас музыкант үздік домбырашы атағына таласты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қазылар алқасы назар аударған басты критерийлер – күйдің таза және қатесіз орындалуы және көркемдік өнер.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар, естелік және ақшалай сыйлықтар беріледі.

Shares