Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда Қазақстанның ХХІХ драма театрларының фестивалі аяқталды

Петропавлда Қазақстанның ХХІХ драма театрларының фестивалі аяқталды

Драма театрлардың республикалық фестивалі бір апта өтті. Осы уақыт ішінде еліміздің үздік ұжымдары көрермендер назарына 10-нан астам қойылым ұсынды. Жабылу салтанатында 9 номинация бойынша үздік қатысушылар марапатталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қазылар алқасы әр туындыны бағалады. Шынайылық, жаңашылдығы және өзектілігі ескерілді. Әрбір қойылымнан кейін қойылымдар туралы қызу пікірталас болды. Әр қойылымда заманауи технологиялар мен ерекшеліктер қолданылды. Бір сөзбен айтқанда, қатысушылар фестивальдің Гран-приін жеңіп алу үшін көп күш жұмсады.

Фестивалде барлығы 9 номинация болды: үздік әйел және еркек рөлдері, режиссер, сценографиялық шешім және т.б. Әрбір ерекшеленген адам ақшалай сыйлыққа ие болды:

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  арнайы сыйлығы- «Мағжан» спектаклі. /Авторы: А.Нүсіп, Режиссері: D.Livermore, Ch.Ocello/. Түркістан музыкалық драма театры. Жүлде қоры – 2 000 000 тг;

«Темірбек Жүргенов атындағы арнайы сыйлық» – «Қара шекпен» спектаклі /Авторы: Г. Хугаев, Режиссері: Е.Кәрібаев/. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры. Жүлде қоры – 1 000 000тг;

«Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» – Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ драма театрының «Шақан Шері» (Авторы: М.Мағауин, Режиссері: М. Хабибуллин) спектаклі. Жүлде қоры –500 000тг;

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша «Мағжан» спектакліндегі Елтай рөлі үшін ЖАНДӘУЛЕТ БАТАЙ (Авторы: А.Нүсіп,Режиссері: D.Livermore, Ch.Ocello) Түркістан музыкалық драма театры. Жүлде қоры –500 000 тг;

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» – «Қорғансыздың күні» спектакліндегі  Ғазизаның әжесі  АНАР БЕЙСЕНБИНА. /Нұрмұхан Жантөрин атындағы  Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры/ Жүлде қоры –500 000 тг;

«Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша – «№37» спектакліндегі Зейнеп рөлі үшін – Зарина Кармен /Авторы: И.Иман ,Режиссері: Ф.Молдағали/ Шам театры. Жүлде қоры –750 000тг;

«Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша – «Шал мен теңіз» спектакліндегі Сантьяго рөлі үшін Бақытжан Қаюов. /Алматы қаласының «Мемлекеттік Қуыршақ театры/ Жүлде қоры –750 000 тг;

«Үздік сценографиялық шешім» номинациясы «Атау-Кере» спектаклі. /Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры/ Жүлде қоры –1 000 000тг;

«Үздік режиссерлік шешім» – номинациясы «Ұждан» спектаклі. (Авторы: Ш.Құдайбердіұлы, Режиссері: Азамат Нигманов.) Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры Жүлде қоры –1 500 000тг;

«Үздік спектакль» – «Бернарда Альбаның Үйі» спектаклі. Авторы: (Ф.Г. Лорка, Режиссері: Д.Жұмабай.) Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры Жүлде қоры –3 000 000 тг.

 

 

Shares