Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Петропавлда Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Биыл қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай Петропавлда музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Бөкейорда ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген. Атақты күйшінің еліміздің музыка мәдениетінде алатын орны ерекше. Құрманғазы ұлттық аспаптық қозғалыстың дамуына зор үлес қосты. Бүгінгі күні оның 60-тан астам төл туындысы бары белгілі.

«Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы бүкіл Қазақстанда тойланып жатыр. Бұл шара өскелең ұрпақтың өз елінің тарихына терең үңілуіне сеп болмақ. Аға ұрпақтың міндеті – көрнекті өнер қайраткерін дәріптеу», – деді СҚО құрметті азаматы Серікбай Құсайынов.

Shares