Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда республикалық айтыс өтуде

Петропавлда республикалық айтыс өтуде

17 наурыз күні С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында дәстүрлі республикалық айтыс бастау алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Наурызнаманың бір күнінде өткізілетін жыр бәйгесіне 14 айтыскер қатысады. Бұл – 7 жұп. Олардың барлығы тәжірибелі, бір-біріне лайықты қарсыластар. Әрқайсысы Қызылжар төріндегі доданың бас бәйгесінен үмітті.

Қатысушыларды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мейраммен құттықтап, сәттілік тіледі. Айым Асылбекқызы – айтыстың ең жас қатысушысы. Бойжеткен 19 жаста. Ол маңызды шараға Алматыдан келіп отыр.

“Мен сахна төріне бесінші болып шығамын. Айтысқа бір ай дайындалдым. Осындай жоғары деңгейдегі ауқымды шараға қатысқаныма өте қуаныштымын”, – деді Айым Асылбекқызы.

Жыр аламанына келген ақындар көрнекті ақын-жазушылар Ғабит Мүсіреповті, Кәкімбек Салықовты және Сафуан Шаймерденовті жырлайды, қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін көтереді, соның бірі – қазақтарды тарихи Отанына көшіру. Айтыс күннің екінші жартысында аяқталады. Үздіктерге ақшалай сертификаттар беріледі.

Shares