Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда XVII ғасырдағы ұлы қолбасшы, ақын Қожаберген жыраудың 360 жылдығы тойлануда.

Петропавлда XVII ғасырдағы ұлы қолбасшы, ақын Қожаберген жыраудың 360 жылдығы тойлануда.

Қожаберген жыраудың 360 жылдығына орай облыс орталығында бірқатар шаралар өтуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қожаберген жырау 1663 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әкесі Толыбай бүкіл Орта жүз әскерлерін басқарған атақты қолбасшы болған. Анасы Баянауылда туған. Атақты шешен, батыр, Айдобол бидің қызы.

Қожаберген 17 жасында Тәуке ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту жолындағы реформаларын қолдаған саясаткер, дипломат болған. Кейін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты қазақ даласына белгілі, беделді тұлғалармен бірге танымал Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын құрастыруға қатысты. Қожаберген жыраудың белгілі шығармаларының бірі – қазақ халқының тарихындағы сұрапыл жылдардан сыр шертетін «Елім-ай» поэмасы. Шығармада автор «Ақтабан шұбырынды» жылдарындағы қасіретті кезеңді көрсетуге талпыныс жасаған.

Қожаберген жырау – өз елінің, халқының ұлы патриоты, тәуелсіздікке жол салған көрнекті тарихи тұлға.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында Қожаберген жыраудың бейіті бар, Петропавлда және Пресновка ауылында ұлы ақынға ескерткіштер орнатылған.

Қожаберген жырауды еске алу мақсатында жыл сайын облыста жастардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Ал бүгін С.Мұқанов атындағы су жаңа қазақ сазды-драма театрында мемлекеттік тілде спектакль сахналанды.

 

Shares