Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлдық “Тишина Закулисья” жастар студиясы РФ өткен әуесқой театрлардың XIII Халықаралық фестиваль-байқауында бірқатар дипломға ие болды

Петропавлдық “Тишина Закулисья” жастар студиясы РФ өткен әуесқой театрлардың XIII Халықаралық фестиваль-байқауында бірқатар дипломға ие болды

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының “Тишина Закулисья” жастар студиясы Ленинград облысындағы Гатчина қаласында өткен “Авангард және Дәстүрлер” әуесқой театрлар мен театр  – студиялардың XIII Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысты. Жас актерлер өз қойылымдары үшін бірқатар диплом алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Төрт күн ішінде фестивальге қатысушы ұжымдар өзара жақынырақ танысты, режиссерлік және актерлік тәжірибелерімен алмасты, шеберлік сабақтарында  сергектік пен зор шығармашылық күшке ие болды, көрермендер залының жарқын, жанды әрі шынайы эмоцияларына ие болды.

Фестивальге Сортавала, Сосновый бор, Сургут, Чебоксары, Пушкин, Түмен, Санкт-Петербург және Петропавл қалаларынан сегіз театр қатысты.

Фестиваль-байқау қорытындысы бойынша “Тишина Закулисья” «Март и Слива» (драматург Е. Бизяева) спектаклі үшін бірқатар диплом алды. Режиссер – Риана Исмаилова. Марапаттар – «II дәрежелі Лауреат Дипломы» және «Диплом». Соңғы аталған жүлде жасөспірімдермен жұмыста орыс психологиялық театрының дәстүрлерін сақтағаны және “Март и Слива” спектаклін қою процесінде жастардың өзекті мәселелерді көтергені үшін табысталды.

 

Shares