Петропавлға қараша айының басында Оралдағы қазақ театры гастрольдік сапармен келеді
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актерлері солтүстікқазақстандықтарды қуантпақшы. Дарын иелері Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында 4,5,6 қараша күндері өнер көрсетеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“4 қараша күні көрермендер сағат 19:00 Мұқанғали Томанов әзірлеген Рахымжан Отарбаевтың “Хан Жәңгір” реквиемін тамашалай алады. 5 қараша күні сағат 19:00 Шыңғыс Айтматовтың «Арманым Әселім» лирикалық драмасы ұсынылады. Режиссері – Талғат Теменов. Ал 6 қараша күні сағат 19:00 қазақ театрының сахнасында Мәдина Омарованың «Жұбан» поэтикалық драмасы басталады. Режиссері – Гауһар Адай. Кішкентай көрермендер де қуанады. Олар үшін Ринат Сабырғалиевтің “Жалқаудың жыры” ертігісі сахналанады. Шығарма авторы – Гүлдана Қалдина”, – делінген СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.