Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлға қараша айының басында Оралдағы қазақ театры гастрольдік сапармен келеді

Петропавлға қараша айының басында Оралдағы қазақ театры гастрольдік сапармен келеді

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актерлері солтүстікқазақстандықтарды қуантпақшы. Дарын иелері Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында 4,5,6 қараша күндері өнер көрсетеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“4 қараша күні көрермендер сағат 19:00 Мұқанғали Томанов әзірлеген Рахымжан Отарбаевтың “Хан Жәңгір” реквиемін тамашалай алады. 5 қараша күні сағат 19:00 Шыңғыс Айтматовтың «Арманым Әселім» лирикалық драмасы ұсынылады. Режиссері – Талғат Теменов. Ал 6 қараша күні сағат 19:00 қазақ театрының сахнасында Мәдина Омарованың «Жұбан» поэтикалық драмасы басталады. Режиссері – Гауһар Адай. Кішкентай көрермендер де қуанады. Олар үшін Ринат Сабырғалиевтің “Жалқаудың жыры” ертігісі сахналанады. Шығарма авторы – Гүлдана Қалдина”, – делінген СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares