Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » С.Мұқанов атындағы қазақ театрында батыр туралы спектакль көрсетілді

С.Мұқанов атындағы қазақ театрында батыр туралы спектакль көрсетілді

Наурыз мерекесі қарсаңында қаламыздағы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актерлері жас көрермендерді спектакльмен қуантты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазір бізде ертеңгіліктер өтіп жатыр. Балаларды қуантқымыз келді. Көрермендерге қызықты болуы үшін қазақ батырларын таңдап алдық. Солардың бірі – Алпамыс. Ол туралы ертегі “Жақсылыққа жаршы болған Наурыз” деп аталды. Мен Алпамыстың сүйіктісі Гүлбаршынды сомдаймын”,- деді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актрисасы Мәдина Тұрсынова.

Актерлерге қойылымды дайындауға бір айдан астам уақыт кеткен. Спектакль аяқталғаннан кейін театр залында балалар ұлттық ойындар ойнады. Шара соңында барлығы қуана тарқасты.

 

Shares