Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Тасқын кезінде адамдарға көмектескен белсенділер “Дос мұқасан” тобы туралы фильмді тамашалады

Тасқын кезінде адамдарға көмектескен белсенділер “Дос мұқасан” тобы туралы фильмді тамашалады

Достық үйінде Солтүстік Қазақстан облысының белсенділері үшін “Kino night” ұйымдастырылды. “Ассамблея жастары” РҚБ өңірлік өкілдігінің мүшелері су тасқынына қарсы күреске қатысқан еріктілер үшін “Дос мұқасан” музыкалық тобы туралы аңызға айналған фильмнің көрсетілімін дайындады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз су тасқыны кезінде адамдарға көмектескендерді, эвакуациялық пункттерде, сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау пункттерінде жұмыс істегендерді, қорғаныс құрылыстарын жасауға көмектескендерді, құтқарушыларды тамақтандырғандарды разы қылғымыз келді. Бірнеше еріктіге алғыс хат табыстаймыз”, – деді “Жастар Ассамблеясы” РҚБ өңірлік өкілдігінің басшысы Дариға Смайылова.

Марапаттау рәсімінен кейін кеш қонақтары нағыз поп-музыка атмосферасына еніп, атақты қазақстандық музыканттардың өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты фактілерді білді.

Shares