Ирандық қызды сүйген Роналдуға 100 рет қамшы соғылуы мүмкін
Футболшы Криштиану Роналду Иран заңын бұзды. Ол мүмкіндігі шектеулі қызды құшақтаған және сүйген. Қазір жергілікті БАҚ жұлдыздың елге оралмауын ашық жариялап жатыр, өйткені ол 99 рет қамшы соққысы түріндегі жазаға ұшырайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі NewTimes.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сауд Арабиясы чемпионатының сұрмергені Тегеранға келді. Футболшының қайда тұратынын анықтаған жергілікті тұрғындар онымен бірге селфиге түсу үшін қонақүйге жиналды. Бірақ сәттілік бір ғана адамға жолдас болды – суретші Фатима. Ол португалдықтың адал жанкүйері болып шықты. Осыған байланысты спортшы оны құшақтап, тіпті басынан сүйді. Фатима тарапынан ешқандай ұятты іс болған жоқ, бірақ жергілікті БАҚ өкілдері спортшының әрекетіне қынжылады, өйткені ол өзі орналасқан елдің заңын бұзды.
Оның бұл әрекеті «некесіз адамның зинақорлығы» деп түсіндіріледі. Қылмыс жасаған кезде некеде тұрмағандардың зинақорлығы үшін жаза басы бос емес еркектерге – 100, ал басы бос еркектерге – 50 соққы. Иран заңы қоғамдық орындарда әйелдермен кез келген физикалық қатынасқа тыйым салады. Қылмыстың 100-ден астам түрі қамшы соққысымен жазаланады және әдетте көпшілік алдында жасалады. Бірақ, Халықаралық қатынастар және қорғаныс институтының геосаясат профессоры Фернандо Бранколидің айтуынша, Криштиану жазаланбайды.
«Сауд Арабиясының христиандыққа қатысты заңдары күрделі. Шындығында, христиандық сенімнің көрінуіне тыйым салатын ереже жоқ, бірақ кейде олар бұл үшін қудаланады. Бірақ біз Криштиану Роналду туралы айтып отырмыз. Сондықтан жаман ештеңе болмайды», – деді ол.