Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Микки Маус баскесер-маньякқа айналды

Микки Маус баскесер-маньякқа айналды

Disney әлемі символдарының бірі – тышқан Микки Маус. Ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпшілікке ерекше қырынан тағы бір танымал болды. Ал араға көп уақыт салмай, бұл кейіпкердің қатысуымен екі қорқынышты жоба туралы ақпар да тарады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Unian агенттігіне сілтеме жасап.

Енді кез-келген адам Микки Маустың бейнесін, атап айтқанда, 1928 жылы ұсынылған түпнұсқасын қолдана отырып, өз туындысын түсіре алады. Әңгіме ақ-қара мультфильмдегі тышқан жайлы. Көпке мәлім, оның қара көздері мен ұзын аяқтары бар. Дегенмен, Миккидің кейінгі нұсқалары әлі де авторлық құқықпен қорғалған және ол Disney ұйымына тиесілі.

АҚШ заңы бойынша айрықша авторлық құқық 95 жылға жарамды. 2024 жылдың қаңтарында Микки мен Минни Маустың түпнұсқалары ғана емес, сонымен қатар “Винни Пухтағы” әйгілі Тигруля кейіпкеріне иелік ету мерзімі  аяқталып отыр.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, әуесқойлар “Виллидің паровозигі” туындысындағы кадрлар арқылы трейлер шығарды. Фильмнің сюжеті паромдағы кісі өліміне негізделген. Сонымен қатар, желіде “Микки Маус” ойнайтын қорқынышты фильмнің трейлері де бар. Басты кейіпкер – Алекс есімді қыз. Ол достарымен бірге ойын-сауық саябағына бара қалады. Фильм барысында достар әйгілі тышқанның бейнесіндегі жауыздан құтылуға тырысады.

 

 

Shares