Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Оқу ешқашан да кеш емес

Оқу ешқашан да кеш емес

Үндістандық Салима Хан есімді әйел 92 жасында ғана оқу мен жазуды үйренген. Салима 1931 жылы дүниеге келіп, 14 жасында тұрмысқа шыққан. Ол тұратын ауылда бірде-бір мектеп болған жоқ, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мемлекеттік сауаттылық бағдарламасының волонтерлері оған оқу мен жазуды меңгеруге көмектесті. Оқыту бастағаннан кейін алты айдың ішінде Салима оқу мен жазуды үйренді.

Алғашында мұғалімдер егде жастағы әйелге сабақ беруден қашқақтады. Алайда уақыт өте әйелдің табандылығы мұғалімдердің көзқарасын өзгертті. Салима көп адамға үлгі болды. Оның шешімі 25 әйелді бастауыш білімді алуға шабыттандырды.

 

Shares