Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » “Титаник” фильміндегі есік аукционда 718 мың долларға сатылды

“Титаник” фильміндегі есік аукционда 718 мың долларға сатылды

“Титаник” фильмінің басты кейіпкері Роза Дьюитт құтқарылған ағаш есік аукционда 718 750 долларға сатылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

The Guardian жазғандай, “Титаник 1997 жылы шыққаннан бері Розаны (Кейт Уинслетті) мұзды суда құтқарған ағаш есіктің бір бөлігі оның сүйіктісі Джекті де (Леонардо Ди Каприоны) көтере ала ма, алмай ма деген пікірталас тоқтаған жоқ”.

“Енді бір бақытты адам өзінің болжамын тексере алады, өйткені бальза ағашының бір бөлігі аукционда 718 750 долларға сатылды”, – делінген мақалада.

Сондай-ақ, аукционда “Титаник” туындысындағы Уинслеттің көйлегі сатылды. Сатып алушы көйлек үшін 125 мың доллар төледі.

Shares