Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Желідегі жалған пікірлерге қалай алданбауға болады

Желідегі жалған пікірлерге қалай алданбауға болады

Желіде жалған пікір жетерлік. Ал соған алданатын халықта есеп жоқ. Мәселен, жыл сайын бүкіл әлем бойынша тұтынушылар өтірік ақпарға иланып, миллиардтаған доллардың саудасын жасайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап.

2023 жылғы сауалнамаға сәйкес, АҚШ-тағы сатып алушылардың 99%-дан астамы әлеуметтік желілердегі онлайн шолуларды қарайды. Мақсат – сауда жасау. Сонымен қатар, әлеуетті сатып алушылардың шамамен 87%-ы маркетплейстерде және басқа онлайн-дүкендерде қалдырылған пікірлерді үнемі оқиды.

АҚШ Федералды сауда комиссиясының зерттеулері бойынша онлайн сайттарда жарияланған тауарларға қатысты шолулардың 40%-ы – жалған. Ал осы интернеттегі шолулар тұтынушылардың қалтасынан сатып алуға миллиардтаған доллар шығаруға әсер етеді.

2021 жылғы мәліметтер бойынша, шығын 152 миллиард долларды құрады. Бұрынғы федералды қылмыстық тергеуші Кей Дин кеңесші ретінде онлайн алаяқтық істерімен тегін айналысып келеді. Кіріскеніне 6 жыл болыпты. Кей жалған шолуларды дәл анықтағаны үшін “Жалған пікірлер аңшысы” деген лақап атқа да ие болыпты. Өзінің шеберлігінің арқасында ол сатып алудан зардап шеккен тұтынушыларға да өз құқықтарын қорғауға көмектеседі. Кей келесі күдікті белгілерге назар аударуға кеңес береді:

Біріншіден, егер компанияда қызметті жоғары бағалайтын пікірлер тым көп болса.

Екіншіден, шолу авторының шолу тарихын тексеру керек. Ол ерекше оң пікірлер қалдыруға маманданған болуы мүмкін.

Үшіншіден, фотосуретпен жүретін барлық шолуға сенбеу керек. Ол тауарға қатысы жоқ желіден табылған бөтен сурет болуы мүмкін.

Сарапшы ең алдымен өз таныстарының немесе қандай да бір мекемеге барған немесе қандай да бір қызметті пайдаланған адамдардың пікірлеріне назар аударуға кеңес береді.

Shares