Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » 2024 жылдың басынан ХҚКО-ларда негізгі құжаттарды алған кезде мемлекеттік баждар өзгереді

2024 жылдың басынан ХҚКО-ларда негізгі құжаттарды алған кезде мемлекеттік баждар өзгереді

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК -3 мың 692 теңгені құрайды, ол мемлекеттік баж мөлшерімен тікелей байланысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Осыған байланысты Салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК, яғни 738,4 теңгені құрайды.

Келесі көлемдегі Қазақстан Республикасы азаматының паспорты:

       24 бет – 14 мың 768 теңге (4 АЕК) – 16 жасқа дейінгі балалар үшін

       36 бет -29 мың 536 теңге (8 АЕК)

       48 бет-44 мың 304 теңге (12 АЕК)

ҚР азаматының бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалуымен жеке куәлігі – 3 мың 692 теңге (1 АЕК)

Паспорт пен жеке куәлікті беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды, бірақ процесті ақылы түрде 1 жұмыс күніне дейін жеделдету мүмкіндігі бар. Петропавл қаласында жеделдету 3 күн – 4983 теңге, 5 күн – 2752 теңге. Облыс аудандарында 7 күн – 1116 теңге

Жарамдылық мерзімі – 10 жыл, содан кейін ауыстыру қажет.

Жүргізуші куәлігі – 1,25 АЕК – 4 615 теңге.

«Мемлекеттік баж төлеуден азаматтардың келесі санаттары босатылғанын атап өткім келеді: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері; үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, “Алтын Қыран”, “Отан” ордендерімен марапатталған, “Халық қаһарманы”, “Қазақстанның Еңбек Epi” атақтарымен марапатталған адамдар; “Батыр Ана” атағына ие болған, “Алтын алқа”, “Күміс алқа”алқаларымен марапатталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдар және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмағандар; мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ата-аналарының бірі бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала; қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын балалар;Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар»,- делінген бейінді мемлекеттік органның хабарламасында.

Shares