Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 88 ауылға су құбыры тартылып, блок-модульдер орнатылады

СҚО-да 88 ауылға су құбыры тартылып, блок-модульдер орнатылады

April 18, 2025 16:32

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл халқын таза ауыз сумен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 10 мың адам тұратын 64 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды, деп хабарлайды QZ News.

Сондай-ақ 280 шақырым су құбыры желісі жаңартылды. Су желілерін салу және жаңғырту жұмыстары 15 елді мекенде жүргізіліп, қосымша 5 мың ауыл тұрғынын қамтыды.

Нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының сапалы ауыз суға қолжетімділік деңгейі 97,5%-ға жетіп, бұл 258 мың адамды құрады.

Қазіргі таңда 7,4 мың адам тұратын 88 ауылда ауыз су мәселесі шешілмеген күйде қалып отыр. Бұл мәселені шешу үшін орталықтандырылған су құбырларын, топтық су жүйелерін салу және кешенді блок-модульдер орнату жоспарланған. Аталған шаралардың нәтижесінде ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 100%-ға жетпек.

Shares