Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » 2025 жылы халықты әлеуметтік қорғау саласында маңызды өзгеріс орын алады

2025 жылы халықты әлеуметтік қорғау саласында маңызды өзгеріс орын алады

Дәстүр бойынша қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Биылғы жылы мереке 27 қазанға келеді. Бейінді министрліктің хабарлауынша, бүгінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 35 мың маман жұмыс істейді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер бар. Республика бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны 12 704 адамды құрайды, оның 1 251-і үкіметтік емес секторда жұмыс істейді. Қазақстанда 830-ға жуық мемлекеттік ұйым АӘҚ көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар. Сондай-ақ, еліміз бойынша 184 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

“2025 жылдан бастап АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімін енгізу көзделген. Бұл әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген, әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпаратты қамтитын мамандардың электрондық тізімі: жеке деректер, білім, біліктілікті арттыру туралы мәліметтер, аттестаттаудан өту туралы мәліметтер, жұмыс тәжірибесі және т.б. Тізілімді енгізу мүгедектігі бар адамдарға өздері үшін қажетті маманды таңдауға мүмкіндік береді”,- делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Shares