Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » АЭС құрылысы бойынша референдум: Қазақстанда 10 мыңнан аса учаске жұмысын бастады

АЭС құрылысы бойынша референдум: Қазақстанда 10 мыңнан аса учаске жұмысын бастады

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Тізімдерге 12 млн. 244 мың 683 азамат енгізілді.

«Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 10 623 есептен шығару куәлігін берді», – делінген ҚР ОСК хабарламасында.

Республикада 10 323 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 59 елде 74 учаске орналасқан.

Shares