Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Оқу-ағарту министрлігі Ұстаздар күніне орай екі челлендж жариялады

Оқу-ағарту министрлігі Ұстаздар күніне орай екі челлендж жариялады

Оқу-ағарту министрлігі алдағы Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жариялады. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Челлендж аясында ел тұрғындары сүйікті ұстаздары туралы қысқаша бейнеролик түсіреді немесе құттықтау лебізін әлеуметтік желіде жариялай отырып, білім берген ұстазына алғыс білдіре алады.

Сондай-ақ елімізде «Қалықта, әнім, Ұстазым деп!» тақырыбында челлендж өтеді. 3 қазан күні сағат 12:00-де білім беру ұйымдарының оқушылары «Ұстазым» әнін бір мезгілде орындайды.

Shares