Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Павлодар облысында адамдары бар автобус 2 жұмадан бері табылмай жатыр

Павлодар облысында адамдары бар автобус 2 жұмадан бері табылмай жатыр

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Павлодар облысындағы “Майқайыңалтын” АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу операциясы туралы айтты, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

“Ондағы жағдай өте күрделі, ауыр, мамандар жерді зерттеп, автобустың шамамен қай жерде орналасқанын анықтады. Бұл құрылғы ол жерде шынымен металл бар екенін көрсетеді, бірақ, өкінішке қарай, автобустан кейін де бос орын бар. Онда құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Біріншіден, бұл, әрине, нөлден төмен температура. Екіншіден, құтқарушылар мен жұмысшылардың өз өмірі мен денсаулығына қауіп бар. Егер, Құдай сақтасын, топырақ жылжыса, адамдарды тартып кетуі мүмкін”, – деді ол.

Вице-министр құтқарушылар автобустың астында қанша бос орын барын білмейтінін, бұл құтқару жұмыстарын одан әрі қиындатып жатқанын атап өтті.

“Әрине, ол жерде барлық қауіпсіздік шарасы сақталған, бүгінде автобус жатқан жердің бүйірінен техника түсіруге мүмкіндік туды. Қазірдің өзінде 2 мың текше метрден аса топырақ шығарылды, кеше ғана бес текше метрлік экскаваторды түсірдік және ол дәл автобустың үстінде жатқан топырақты ақырын шығара бастады. (…) Біз барлық басқа елдің тәжірибесін зерттедік, шынын айту керек, мұндайды еш жерден кездестірген жоқпыз. Бұл бізде – Қазақстанда да бірінші рет”, – деді Сыздықов.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні 4 құтқарушы КАВЗ автобусымен “Майқайыңалтын” АҚ шахтасы ауданында түтін шыққаны жайлы шақыруға шықты. Алайда, “Майқайыңалтын” АҚ аумағындағы технологиялық автожолмен оқиға орнына бара жатқан автобус жұмыс істемейтін шахтаның тазарту орнына құлады.

Екі адам қаза тапты, олар құлаған автобустың сыртында болды, тағы екі тау құтқарушысы бар көліктің өзі әлі табылған жоқ. Іздеу үшін бульдозерлер, экскаваторлар мен тиегіштер тартылды. Ауыр инженерлік техниканың көмегімен құлаған жердің түбіне өту жолы ашылды. Дегенмен, шұңқырдың шеттерінен топырақ төгіле беретіні атап өтілді.

 

Shares