Қазақстан билігі сырттан алма әкелуге уақытша шектеу қойды
Қазақстан отандық алма өндірісін қолдау мақсатында 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін автомобиль көлігімен үшінші елдерден алма әкелуге шектеу қойды. Бұл туралы ҚР АШМ хабарламасында айтылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Алма әкелуге тыйым салу тек егін жинау кезеңінде ғана енгізілген, бұл отандық бағбандарға жиналған өнімді сақтауға және оны қолайлы бағамен сатуға мүмкіндік береді. Маусымаралық кезеңде алма импорты шектелмейді.
Шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алма әкелуге және Қазақстан аумағы арқылы халықаралық алма транзитіне әсер етпейді”,- делінген ҚР АШМ хабарламасында.
Мұндай өзгерістің өзіндік себебі бар. Фермерлер импорттық өндірушілер тарапынан демпингке ұшырауда, жоғары бәсекелесттік импорттық өнім отандық өндірушілердің рентабельділігін төмендетеді.
Егін жинау кезінде алма импорты қатар болғанда қазақстандық бағбандар өнімді өткізуде қиындықтарға тап болады, бұл олардың қаржылық жағдайын нашарлатады.