Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді: нені білу керек?
«Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленді (UTC+5), деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Zakon.kz АА сілтеме жасап.
Қала әкімдіктері:
- Астана;
- Алматы;
- Шымкент.
Облыс әкімдіктері:
- Ақмола;
- Алматы;
- Жамбыл;
- Қарағанды;
- Қостанай;
- Павлодар;
- Солтүстік Қазақстан;
- Түркістан;
- Шығыс Қазақстан;
- Абай;
- Жетісу;
- Ұлытау.
2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақыт 1 сағат кейінге шегерілді.
Бұл бастама уақытты есептеу мәселелері жөніндегі арнайы жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшыларға тиесілі. Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені зерделеді, оның барысында бірыңғай уақыт белдеуі әлемнің 175 елінде қолданылатындығы анықталды, ал бірден көп уақыт белдеуінде небәрі 22 мемлекет өмір сүреді.
Өзгертілген уақыт белдеуіне бейімделу бойынша ұсыныстар
Алғашқы күндері көбірек ұйықтап, ұйқының ұзақтығын бір сағатқа ұзартқан дұрыс. Диетадан майлы, ащы, ысталған тағамдарды, фаст-фуд пен тәттілерді алып тастап, дұрыс тамақтану режимін сақтаңыз. Көбірек қозғалу және ашық ауада серуендеу, шамадан тыс жүктемені азайту керек, әсіресе бұл балалар мен қарт адамдар үшін пайдалы.
Балаларға қатысты тағы айтсақ, оларға көбірек көңіл бөлу және болуы мүмкін қыңыр міңезге төзімділік таныту керек. Егде жастағы адамдарға ұйықтар алдында аздап серуендеу, шамадан тыс физикалық белсенділіктен аулақ болу, қан қысымын бақылау жөнінде кеңес беріледі.
Пойызға немесе ұшаққа қалай кешікпеуге болады?
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Олардың барлығы ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қол жетімді. Сондай-ақ, жолаушылар ақпаратты 1433 нөмірі бойынша немесе @ktzh_pp_bot Telegram боты арқылы тегін ала алады.
Сондай-ақ, авиакомпаниялар әуе билеттерін сату жүйелеріне барлық қажетті өзгерістер енгізді. Барлық жолаушыларға ескертулер жіберілді.
29 ақпаннан 2 наурызға дейін “Жедел желі” жұмыс істейді:
8 7172 798214
8 7172 798213.
Әуежайдың анықтамалық қызметтерінің телефондары және авиакомпаниялардың Call-орталықтары:
Air Astana – 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77;
FlyArystan – 8 727 331 1010 (WhatsApp 8 702 702 0227);
SCAT – 8 7252 99 88 80; Qazaq Air 8 727 356 14 14.
Гаджеттер мен техниканы біріңғай уақыт белдеуіне көшуге дайындау
Windows
- Басқару тақтасы > сағат және аймақ > күн мен уақытты ашыңыз.
- “Интернеттегі уақыт” қойындысына өтіп, “Параметрлерді өзгерту” түймесін басыңыз.
- Интернет уақытымен “Синхрондау” опциясы іске қосылғанына көз жеткізіп, “Қазір жаңарту” түймесін басыңыз.
- Егер автоматты жаңарту жұмыс істемесе, күн мен уақыт қойындысына өтіп, “Күн мен уақытты өзгерту” түймесін басып, дұрыс уақытты қолмен орнатыңыз.
macOS
- Жүйе параметрлері > Күн мен уақытты ашыңыз.
- “Күн мен уақытты автоматты түрде реттеу” опциясы таңдалғанына көз жеткізіңіз.
- Егер қолмен орнату қажет болса, осы опцияны алып тастаңыз және қажетті өзгертулерді қолмен жасаңыз.
Android
- Параметрлер > Жүйе > Күн мен уақытты ашыңыз.
- Автоматты күн мен уақытты анықтауды және Автоматты уақыт белдеуін қосыңыз.
- Егер автоматты орнату жұмыс істемесе, осы опцияларды өшіріп, күнді, уақытты және уақыт белдеуін қолмен орнатыңыз.
iOS (iPhone және iPad)
- Параметрлер > Жалпы > Күн мен уақытқа өтіңіз.
- Күн мен уақытты орнату опциясы үшін Автоматты режимін қосыңыз.
- Қажет болса, бұл опцияны өшіріп, дұрыс уақыт пен күнді қолмен орнатыңыз.
Сондай-ақ, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі бойынша басқа да қызықты мәліметтерді пайдалануды ұсынамыз. Мысалы, Қазақстан мектептерінде сабақты бастау уақыты өзгере ме, БКМ қайта бағдарламалау қажет пе және жаңа уақыт белдеуіне көшу кезінде түнгі уақытта жұмыс қалай төленеді?