Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанда педофилдер мен бала өлтірушілер өмір бойына сотталады

Қазақстанда педофилдер мен бала өлтірушілер өмір бойына сотталады

Мәжіліс бірінші оқылымда әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА-ға сілтеме жасап.

Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу мақсатында бірқатар заңнамалық нормалар көзделген. Біріншіден, қылмыстық жауапкершілік қалпына келтірілуде:

  • денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК дейін айыппұл түріндегі жаза не қоғамдық жұмыстарға 200 сағатқа дейін тарту не 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделген;
  • ұрып-соғу үшін 80 АЕК-ке дейін айыппұл салу не қоғамдық жұмыстарға 80 сағатқа дейін тарту не 25 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Екіншіден, кәмелетке толмаған адамды не дәрменсіз күйдегі адамды азаптағаны, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін – бас бостандығынан айыруды ғана қолдану. Бас бостандығын шектеуге жол берілмейді.

Жас баланы өлтіргені немесе педофильдік ісі үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жаза қолданылады.

Үшіншіден, кәмелетке толмағанға қатысты не отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға сот шешімі бойынша медициналық ұйымдарда психологиялық көмектен өту белгіленуі мүмкін.

Сондай-ақ, зорлық-зомбылық фактілерін уақтылы анықтау мақсатында уәкілетті органдарға зорлық-зомбылық фактілері туралы БАҚ-тағы хабарламаларға ден қоюға мүмкіндік беріледі.

Shares