Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанда волонтерлік қызмет тізілімін жүргізудің жаңа ережелері пайда болды

Қазақстанда волонтерлік қызмет тізілімін жүргізудің жаңа ережелері пайда болды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Волонтерлік қызмет тізілімін жүргізудің жаңа Ережелері күшіне енді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ақпарға сүйенсек, тізілімді волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың ерікті негізде ұсынған деректері негізінде Министрлік жүргізеді.

“Тізілімге кіру үшін волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар өз қызметі туралы ақпаратты (волонтерлік қызметтің негізгі түрлері, волонтерлердің саны, жүзеге асырылып жатқан жобалар және т.б.) volunteer@mki.gov.kz электрондық мекенжайына жібереді. Тізілімге енгізу немесе бас тарту хабарлама арқылы ресімделеді және Өтініш берушіге электрондық пошта арқылы жіберіледі”, – делінген ҚР МАМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ережелермен Министрліктің сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/566468?lang=ru

Shares