Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанға маска режимі қайта оралды

Қазақстанға маска режимі қайта оралды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова “Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау бойынша алдын алу шараларын күшейту туралы” қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында маска тағу режимі енгізіледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қаулыда Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына, аумақтық департамент басшыларына медициналық мекемелерде персонал мен емделушілердің маска тағуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

Сонымен қатар құжатқа сәйкес адам көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда әуежайда, теміржол вокзалдарында, сапаржайларда, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде маска тағу ұсынылады.

Бұдан бөлек қоғамдық көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да маска режимі енгізіледі. Қаулы 8 ақпанда жарияланған және қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Shares