Қонаевта мектеп оқушылары адамдарды ұрып, видеоға түсірген
Әлеуметтік желіде Қонаев қаласындағы жастардың тұрғындарды қатыгездікпен кезектесе ұрған видеосы тарады. Өз кезегінде полиция видеодағы “батырларды” тапты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА-ға сілтеме жасап.
“Кейбір дереккөздер хабарлағандай, Алматы облысындағы Қонаев қаласында бір топ оқушы ермек үшін жергілікті тұрғындарды ұрып, видеоға түсіреді”, – делінген жазбада.
Өз кезегінде өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады.
“Қалалық полицияда бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық факті бойынша сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деп хабарлады ПД.
Тәртіп сақшылары бұдан өзге ақпармен бөліскен жоқ.