Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » ҚР Президенті – «Экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап береді»

ҚР Президенті – «Экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап береді»

Экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап береді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

«Экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап береді. Бюрократияға және сөзбұйдаға салынбай, Президент Әкімшілігіне жалтақтамай, экономиканы дербес басқарудың барлық әдіс-тәсілдерін қолында ұстауға тиіс. Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдырады»,- деді Мемлекет басшысы.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғаса береді.

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды»,- деп толықтырды Президент.

Shares