Жалпыға бірдей декларация: екінші кезең 15-ші қыркүйекте аяқталады
Жалпыға бірдей декларация 2021 жылы басталды және ол 4 кезеңнен тұрады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
– Бірінші кезең 2021 жылы басталып, мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ олардың жұбайларына әсер етті.
– Екінші кезең 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Мұнда мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары декларациялануға жатады.
Бастапқы декларацияда ҚР шегінен тыс мүлік пен активтерден басқа: заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және т. б. көрсетіледі. Сондай-ақ қолма-қол ақша жайлы дерек ұсынылады. Онда АЕК мөлшерінің 10 000 еселенген шегінен аспайтын сома көрсетіледі. Бұл ретте аталған сомадан асатын сома банктік шотта 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетілуі тиіс. Қазақстанда тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік декларацияда көрсетілмейді, өйткені бұл мәліметтер уәкілетті органдарда бар.
Екінші кезеңде декларациялауға жататын тұлғалар декларацияны электрондық нұсқада 2023 жылғы 15 қыркүйек дейін тапсыру керек. Декларацияны уақтылы ұсынбағандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
– бірінші рет ескерту жасалады,
– бір жыл ішінде 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін:
– бірінші рет ескерту жасалады,
– бір жыл ішінде 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларациялауға жатады. Төртінші кезең 2025 жылғы 1 қаңтарда басталады. Онда азаматтардың қалған санаттары декларациялауға жатады.