Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дауыл соғып, жаңбыр жауады

12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дауыл соғып, жаңбыр жауады

12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр күтілуде. Облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Хабарламада айтылғандай, түнде облыстың солтүстік, оңтүстік және батысында, ал күндіз оңтүстік пен батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігі мен батысындағы екпін – 23-28 м/с.

12 қыркүйекте түнде Петропавлда найзағай күтілуде. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

 

Shares