Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 2024 жылы СҚО-ға қоныстандыру бағдарламасы бойынша 665 отбасы қоныс аударды

2024 жылы СҚО-ға қоныстандыру бағдарламасы бойынша 665 отбасы қоныс аударды

Брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өңірде халықтың өзге өңірлерге қоныс аударуын азайту үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанын түсіндірді. Облыста 635 елді мекен бар олардың инфрақұрылымы жыл сайын жақсарып келеді, деп түсіндірді Ғауез Нұрмұхамбетов. Солтүстік Қазақстан облысында «Серін» бағдарламасы жұмыс істейді, сонымен қатар еліміздің жұмыс күші көп аймақтарынан қоныс аудару механизмі де қолданылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Біз азаматтарымыздың Солтүстік Қазақстан облысында қалуы үшін, сондай-ақ бізге қоныс аударғандар өздерін жайлы сезінуі үшін барлық жағдай жасап жатырмыз. Биыл Солтүстік Қазақстан облысына қоныстандыру бағдарламасы бойынша 665 отбасы қоныс аударды. Отбасының әрбір мүшесіне мемлекет 70 АЕК бөледі, ауылдарда пәтер ақы төлеуге 50-ден 100 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі, тұрғын үй сатып алуға ұтқырлық куәлігі беріледі. Бізге денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы салаларында еңбек еткен азаматтар келсе дейміз», – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Shares